Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Ақпарат және фотосуреттер

ШҚО білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы» КММ Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде ШҚО әкімдігінің 2024 жылдың 4 қаңтардағы № 1 қаулысымен ашылды.

Орталықтың қызметі облыста балалардың, ата-аналар мен педагогтардың психологиялық әл-ауқатын сақтауға және нығайтуға бағытталған психологиялық қызметтің бірыңғай жүйесін құруға бағытталған.

Орталықтың құрылымында екі бөлімнің жұмыс істеуі қарастырылған: әдістемелік және психологиялық.

Әдістемелік бөлімнің негізгі міндеті білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің мамандарына көмек көрсету болып табылады. Өңірдің педагог-психологтары үшін әдістемелік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге ерекше назар аударылады. Бұл әр түрлі семинарлар, конференциялар, фокус-топтар, интервизиялық топтар, бақылаулар, сондай-ақ жас мамандарға олардың кәсібилігі мен жұмыс сапасын тез арттыру үшін тәлімгерлік ету. Әдістемелік бөлімнің мамандары қажеттіліктерді уақтылы анықтау және кәсіби қолдау көрсету үшін облыстың барлық өңірлерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Ұйымдастыру бағытын іске асыру шеңберінде өңірдің психологиялық қызметтерінің қызметіне, олардың нәтижелілігіне мониторинг жүргізіледі.

Психологиялық жұмыс бөлімі эмоционалдық, тұлғалық және тұлғааралық, балалар мен ата-аналар қатынастарымен, мінез-құлық мәселелері мен қақтығыстармен, қорқытумен, қатыгездікпен, суицидтік тәуекелдермен және басқалармен байланысты жеке әлеуметтік-психологиялық қызметтер кешенін жүзеге асырады.

Кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына шұғыл көмек көрсету үшін тәулік бойы сенім телефоны жұмыс істейді. Сенім телефонына жасырын және құпия түрде жүгінуге болады.

Орталық базасында мәселелерді қарау және шешу үшін ата-аналар немесе психологиялық қызметтер жүгіне алатын күрделі өмірлік жағдайларды қарау және шешу бойынша өңірлік психологиялық-педагогикалық консилиум жұмыс істейді.

Мобильді ден қою шеңберінде шағымдар бойынша шығу (бару) жұмыстары  жүргізіледі, буллинг, өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық жағдайлары тексеріледі.

Сүйемелдеу кезінде мемлекеттік органдармен, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиямен, ШҚО Бала құқықтары жөніндегі уәкілімен және басқа да ұйымдармен ведомствоаралық ынтымақтастық жүзеге асырылады.

Біздің міндетіміз - балалар мен жасөспірімдердің әл-ауқатын сақтау және нығайту.

 

WhatsApp Image 2024-12-25 at 10.09.02