Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығының мамандары Тулькубаева Д.А., Нурхатова Г.А., Төлегенқызы А. ағымдағы жылғы 30-31 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ, «Рыков атындағы орта мектебі» КММ, «Жаңа Үлгі негізгі орта мектебі» КММ, «Қабырға негізгі орта мектебі» КММ психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің жұмысына мониторинг жүргізу үшін барып қайтты.
Мониторинг іс-шаралары барысында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің құжаттамасы, нормативті-құқықтық актілердің орындалуы, ерекше назар аударуды қажет ететін оқушылармен атқарылатын жұмыстары қаралып, ұсыныстар берілді.





