Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
Директордың психологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарының бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Директордың психологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарының бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

ШҚО білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ, Чехов көшесі 63, пошталық мекенжайы: 070004, Өскемен қ., Чехов көшесі 63, электрондық мекенжайлары: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.,  инст: sluzhba_doveriya; телефондары 26-78-22, м. т. 87017072438 өңірлік орталықтың психологиялық жұмыс бөлімі басшысының қазақ тілінде бос лауазымының бар екендігі.

Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы психологиялық жұмыс бөлімі басшысының негізгі функционалдық міндеттері:

  • РҚАО психологиялық бөлімінің қызметін ұйымдастырады және басқарады, қызмет

бағыты бойынша ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, жұмыс жоспарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, педагог-психологтардың жұмысын үйлестіру;

  • әдіскерлерді (психологтарды) және педагог-психологтарды оқытуды қамтамасыз етіп,

инновациялық әдістемелік материалдарды, технологияларды, кәмелетке толмағандарды сүйемелдеу және оларға кеңес беру әдістемелерін игеруге және әзірлеуге көмек көрсету;

психологиялық жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

  • педагог-психологтарды аттестаттау және біліктілігін беру (растау) рәсіміне дайындауға

қатысу;

  • бөлімжұмысыныңнәтижелерінталдайдыжәнежинақтайды, диагностикалық, есепті

және талдамалық құжаттаманы жүргізеді, бөлім қызметінің нәтижелерін бақылайды, талдайды, жинақтайды және әкімшіліктің назарына жеткізеді, бөлім қызметінің перспективалық бағдарламасын жасау;

  • психокоррекциялық және консультациялық психологиялық көмектің әртүрлі түрлерін

көрсету жөнінде шаралар қабылдау;

  • педагог-психологтар мен КҚО әлеуметтік педагогтарына әдістемелік қолдау көрсетуді

ұйымдастыру;

  • бейіндіұйымдарменжәнемекемелерменөзараіс-қимылдыжүзегеасыру;
  • білім беру процесінпсихологиялыққамтамасызетугебайланыстымәселелер;
  • психологтардыңжұмысынүйлестіреді (бетпе-бет кеңес беру жәнесенім телефоны);

ақпараттық-коммуникациялықтехнологиялардықолдану;

  • өзініңкәсібибіліктілігінжүйелітүрдеарттыру;
  • әдістемелікжұмыстыжүргізугеқатысу;
  • еңбекқауіпсіздігіжәнееңбектіқорғау, өртқорғауережелерінсақтайды.

Еңбек жағдайлары: толық жұмыс күні (9.00-18.00), 2 демалыс күні (сенбі, жексенбі), әлеуметтік және еңбек кепілдіктері еңбек заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі (демалыс, аурухана парағы, кәсіподақ және т. б.); жалақы мөлшері еңбекақы саласындағы заңнамамен реттеледі, жұмыс өтіліне, қызметкердің біліктілік санатына байланысты 149 000-нан 273 000 теңгеге дейін құрайды.

Біліктілік талаптары ҚР БҒМ педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" 2009.07.13 № 338 бұйрығымен регламенттеледі (жаңа редакцияда-ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.04.30 № 169 бұйрығымен): тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім ("Психология" немесе "Психология және педагогика"), психологиялық-педагогикалық жұмыс және (немесе) педагогикалық жұмыс және практикалық психология өтілі кемінде 3 жыл;және (немесе) "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер"біліктілігінің болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2 сәуір 15 сәуір дейін (хабарландыру берілгеннен бастап 7 күн)

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі (электрондық немесе қағаз түрінде):

1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы"ҚР ДСМ міндетін атқарушының 30.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.