2025 жылғы 5 ақпанда облыс мектептерінде әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік және зорлық-зомбылық мәселелерінде балалардың хабардарлығын, жауапкершілігі мен саналылығын арттыруға бағытталған «Желінің арғы жағында» тақырыбында бірыңғай сабақтар өтті.
Іс-шараға ШҚО мектептерінің 8-9 сыныптарының 11263 оқушысы қатысты. Кейбір аудандарда бірыңғай сабақтар ауа райының қолайсыздығына және қашықтықтан оқыту форматына көшуге байланысты басқа күнге ауыстырылды.