Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығының мамандары Тулькубаева Д.А., Фазымова А.Ж., Маткаримова Д.М., Уалханова Н.К. ағымдағы жылғы 22 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Қаратоғай орта мектебі» КММ, «Бірлік негізгі орта мектебі» КММ, «Қыстау-Күршім негізгі орта мектебі» КММ, «Бурабай орта мектебі» КММ, Құйған орта мектебі» КММ, «Қайынды негізгі орта мектебі» КММ психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің жұмысына мониторинг жүргізу үшін барып қайтты.
Мониторинг іс-шаралары барысында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің құжаттамасы, нормативті-құқықтық актілердің орындалуы, ерекше назар аударуды қажет ететін оқушылармен атқарылатын жұмыстары қаралып, ұсыныстар берілді.





