Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
Ұлан ауданында кеңс беру пунктінің жұмысы ұйымдастырылды

Ұлан ауданында кеңс беру пунктінің жұмысы ұйымдастырылды

2026 жылғы 4 наурызда Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі ММ-нің «Ш. Башиков атындағы негізгі мектебі» КММ-де кеңес беру пункті ұйымдастырылды. Әдіскер-үйлестіруші Болатханова Назым Серікқалиқызы оқушыларға ШҚО Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығының жұмысы туралы, сондай-ақ сенім телефондары жөнінде ақпарат берді.

Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту барысында «Менің әлемім» психологиялық жаттығуы ұйымдастырылып, буллингтің алдын алу мақсатында «Сізге қалай қарайды?» диагностикасы жүргізілді.

Түсіндіру жұмысына 6 педагог және 18 оқушы қатысты.