Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Республикалық «Үздік жыл психологі» байқауында ШҚО педагог-психологтары жүлделі орындарға ие болды

2026 жылдың 11-13 наурыз аралығында Алматы қаласында өткен білім беру ұйымдарының психологтері арасында «Үздік жыл психологі» республикалық байқауында Шығыс Қазақстан облысының педагог-психологтары жоғары нәтиже көрсетіп, өңіріміздің абыройын асқақтатты.

Комиссия  шешімі бойынша Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған 5 психологтің 4-уі жүлдегер атанды:

ІІ орын - ШҚО білім басқармасының Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Алёнушка» балабақшасы» КМҚК  педагог-психологі  Гинц Анна Юрьевна.

ІІІ орын - ШҚО білім басқармасының Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №7 орта мектебі» КММ педагог-психологі Нурскенова Зульфира Жумакановна. 

ІІІ орын - ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы» КМҚК педагог-психологі Бекбаева Динара Дулатқызы.

ІІІ орын - ШҚО білім басқармасының «Облыстық  математика, физика информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ педагог-психологі Ораз Меруерт Қабидолдақызы.

Арнайы грамота иегері - ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 14 арнайы мектеп-балабақшасы»КММ педагог-психологі Жиброва Наталья Юрьевна.

Барша жеңімпаздарды ШҚО білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы» атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, үздіксіз ізденістеріңіз және білім беру саласына қосқан үлестеріңіз – нағыз мақтаныш!

Алдағы уақытта шығармашылық табыс, кәсіби өрлеу және жаңа белестерді бағындыруға тілектеспіз!