Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
Аудан мектептерінің педагог-психологтарына семинар

Аудан мектептерінің педагог-психологтарына семинар

2025 жылғы 10 сәуірде «Т. Тоқтаров атындағы негізгі орта мектебі» КММ базасында Тарбағатай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ата-ана миссиясы» тақырыбында мектептердің педагог-психологтарымен семинар өтті. Семинардың мақсаты - ата-аналардың өз балаларымен тиімді қарым-қатынас орнатуына, баланың қажеттіліктеріне жауап беріп, олардың тұлға болып қалыптасуына көмектесу. Мектеп психологтары Амантаева М. Ж., Асаубаева Б. Н., Енсебаева Р.О., Ерсаинова А.Е. өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ата-аналармен жұмыс түрлерін көрсетті. 

   Семинар барысында баланың психоэмоционалды дамуы, отбасындағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызы, сондай-ақ, ата-ананың жеке миссиясы мен міндеттері туралы сөз қозғалды.

Семинарды қорытындылай келе аудандық білім бөлімінің әдіскері Б.Кыдырбекова психологтарға сертификаттар табыстады.