2026 жылғы 23–27 ақпан аралығында облыстың білім беру ұйымдарында нашақорлықтың алдын алу апталығы өткізіледі. Оның аясында 25 ақпанда барлық білім беру ұйымдарында зиянды заттарды тұтынуға бейімділікті анықтау және балалар ұжымының нашақорлыққа қарсы тұру қабілетін диагностикалау мақсатында скрининг-сауалнамалар жүргізілді. Бұл шараға 13 мыңнан астам оқушы қамтылды. Алынған нәтижелер мектептердегі тәрбиелік және алдын алу жұмыстарын одан әрі жоспарлау үшін пайдаланылатын болады.





