2025 жылғы 11 наурыз күні Өңірлік психологиялық қолдау жәнен көмек орталығының педагог-психологы Фазымова А.Ж. мектептердің педагог-психологтарына арналған «Буллинг пен кибербуллингтің психологиялық аспектілері» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өткізді. Семинар барысында оқушылар арасында буллинг фактілерін анықтау және алдын алу мәселесі талқыланып, буллингке қатысты түзету-дамыту жұмысының бағыты мен мазмұны айқындалды. Практикалық бөлімде тақырыпқа қатысты кейстерге талдау жасалып, педагог-психологтарға тәжірибе барысында қолдану үшін тиімді ойын-жаттығулар ұсынылды.
Семинар соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті.