Ағымдағы жылдың қазан айында ШҚО ББ «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Қауіпсіздік аумағы» облыстық балалар жобалары байқауының финалы өтті. Іс-шараға мектеп көшбасшылары мен балалар бірлестіктерінің белсенділері қатысты.
Байқаудың мақсаты – зорлық-зомбылықтың алдын алу және білім беру ортасында қолайлы ахуал қалыптастыруға бағытталған оқушылардың бастамаларын қолдау. Финалға өңір бойынша үздік жеті команда өтті.
Нәтижелері:
I орын — «Стоп буллинг: Голоса против насилия» (Риддер қ., М. Горький атындағы мектеп)
I орын — «Online-дос» чат-бот жобасы (Самар ауданы, №1 мектеп)
II орын — «Школа-Дипломат 2025» (Риддер қ., №5 мектеп)
III орын — «Друг рядом» (Шемонаиха ауданы, №1 Н.Островский атындағы мектеп-гимназия)
Қазылар алқасының арнайы жүлдесі — «Зұлымдыққа қарсы ертегі» жобасына,
«Мектеп парламентінің белсенділігі» номинациясы — №2 және №26 мектептердің жобаларына берілді.
Барлық финалистер мадақтамалар мен естелік сыйлықтармен марапатталды. Үздік жобалар облыстың білім беру ұйымдарында енгізілмек.





