Педагог. Кәсіп. Қабілет. Өнер.» қалалық форумы аясында Өскемен қаласының білім бөліміне қарасты мектептердің педагогтерімен «Білім беру ортасының оқу-тәрбие процесінде цифрлық ресурстарды пайдалана отырып, инновациялық технологияларды енгізу» тақырыбында секциялық бағытта жұмыс жүргізілді.
«№ 11 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы Рябичева А.В. мен «№ 15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы Акылбекова С.С. тарапынан «Арт-терапия арқылы шығармашылық қабілеттер мен сыни ойлауды дамыту: заманауи тәсілдер, әдістер мен тәжірибелер» тақырыбында баяндама ұсынылды. Онда оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен сыни ойлауын дамытуда арт-терапия әдістерін қолдану мәселесі қозғалды.
«Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбие ісі және әлеуметтік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Габитова М.Ш. «Оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстың маңыздылығы» тақырыбын қарастырды.
«№ 37 көпбейінді орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дефектолог, педагог-психологы Максакова А.С. Арнайы педагогтың жұмысында цифрлық құралдарды пайдалану» тақырыбында тәжірибелік элементтері бар жобасын таныстырды.
Форум педагогтер арасында үздік тәжірибелермен алмасудың тиімді алаңына айналып, кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға, ынтымақтастықты нығайтуға, қатысушылардың әрі қарайғы өсуі мен өзін-өзі дамытуына серпін берді.





