Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
Білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған  «Психологиялық қызметтердің жұмысындағы инновациялық тәжірибелер» атты облыстық форумды өткізу туралы ақпараттық хат

Білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Психологиялық қызметтердің жұмысындағы инновациялық тәжірибелер» атты облыстық форумды өткізу туралы ақпараттық хат

Құрметті әріптестер!

ШҚО білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы» КММ білім алушыларды психологиялық қолдау саласында кәсіби тәжірибе алмасу және заманауи тәсілдерді тарату мақсатында сіздерді психологтар күніне орай «Психологиялық қызметтердің жұмысындағы инновациялық тәжірибелер» атты облыстық Форумға қатысуға шақырады.

Форумды өткізу уақыты, орны: 2025 жылғы 19 желтоқсан, сағ. 10.00-ден 13.00-ге дейін, Серікбаев көшесі, 5, «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК акт залы

Қатысушылар: облыс білім беру ұйымдарының педагог-психологтары

Спикерлер: жоғары оқуорындарының өкілдері, практик-психологтар

Қатысу форматы: оффлайн, онлайн

Регламент

  • Спикерлердің сөз сөйлеу ұзақтығы –15 минутқа дейін
  • Форматы: презентациялар, практикалық тәжірибемен алмасу
  • Сұрақтар мен талқылаулар-жалпы пікірталас аясында

 

Форумның жұмыс тілдері: қазақ, орыс

Форум аясында «Үздік психолог-2025» облыстық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сондай-ақ психологиялық қызметтерді дамытуға және инновациялық тәжірибелерді енгізуге елеулі үлес қосқан білім беру ұйымдарының педагог-психологтарын марапаттау өтеді.

Форумға қатысу үшін 15.12.2025 жылға дейін WA 87079073350 нөмірі бойынша тіркелуге шақырамыз.