Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
Ұлан ауданында психологиялық қолдау шарасы ұйымдастырылды

Ұлан ауданында психологиялық қолдау шарасы ұйымдастырылды

2026 жылы 18 ақпанда Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі ММ-нің «М.Таенов атындағы негізгі мектебі» КММ және «С.Сейфуллин атындағы негізгі мектебі» КММ-де кеңес беру пункті ұйымдастырылды. Әдіскер-үйлестіруші Болатханова Назым Серікқалиқызы педагогтар, ата-аналар мен оқушыларға дұрыс шешім қабылдауға бағыт беріп, психологиялық қолдау көрсетті. ШҚО ББ «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы» КММ сенім телефоны, «111» орталығы туралы ақпарат берілді. Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Менің ұстанымым» атты психологиялық жаттығу ұйымдастырылды және оқушылар арасында интернетке тәуелділікті анықтау диагностикасы жүргізілді.  Шараға 12 ата-ана, 9 педагог, 24 оқушы қатысты.