Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Марқакөл ауданындағы семинар

Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығының мамандары Төлегенқызы А., Уалханова Н.К. ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Марқакөл ауданы мектептері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтары үшін «Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу және болдырмау жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізді.

Семинардың ашылуында Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімі басшысының уақытша м.а Шаяхметова Г.М. сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Орталықтың әдіскері Уалханова Н.К. суицидтің алдын алу және болдырмау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға тоқталып, Қазақстан Республикасының Оқу–ағарту министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің  2024 жылғы 4 шілдедегі «Суицидтік мінез-құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтаудың және олармен әрі қарай жұмыс істеудің бірыңғай алгоритмін, сондай-ақ суицидке әрекет жасаған балаға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмін бекіту туралы» бірлескен бұйрығына енгізілген өзгерістер жайлы айтып берді.

Педагог-психолог Төлегенқызы А. жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жұмыстарындағы педагог пен педагог-психологтың маңыздылығы жайлы айтып өтті. Сонымен қатар, педагогтардың қауіпті белгілерді анықтай отырып, қолдау көрсетудің түрлерімен таныстырды.

  Семинар соңында қатысушы әріптестер өз ойларымен бөлісіп, көптеген мағлұматтар алғандарына ризашылық білдірді. Семинар жоғары деңгейде өтті.