Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Педагогикалық идеялар мен психологиялық тәсілдер шеберханасы

2025 жылдың 22 қаңтарында облыстың орта білім беру ұйымдары педагог-психологтарының тәжірибесін жалпылау және тарату аясында Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі «№ 9 орта мектеп» КММ-де білім берудегі педагогикалық идеялар мен психологиялық тәсілдер шеберханасы түрінде «Педагог-психолог тәжірибесіндегі шығармашылық және сыни ойлауды дамыту құралдары мен стратегиялары» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

  Іс-шараның модераторы - Өскемен қаласының білім бөлімінің әдіскері Нугумарова Айша Дәулетхановна оқу-білім беру процесін дамыту жағдайында таңдалған тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

 Семинар барысында Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 9 орта мектебі» КММ педагог-психологтары Дементьева Наталья Владимировна, Кауфман Ирина Александровна, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 11 мектеп-лицейі» КММ  педагог-психологы Рябичева Анна Викторовна  кәсіби білім алу және тәжірибе алмасу алаңынын жұмысын ұйымдастырды.

  Қатысушылар талдау, рефлексия және стандартты емес тапсырмаларды шешу арқылы шығармашылық және сыни ойлауды дамытуға арналған интерактивті жаттығулармен және әдістермен танысып, оқушылардың шығармашылық потенциалын ашуға көмектесетін практикалық құралдарды талқылады.

 Нәтижесінде семинардың әрбір қатысушысы өзінің кәсіби қызметіне қолдана алатын жаңа идеялар мен тәсілдерді игеріп алды.