Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік қауіптердің ерте диагностикасы мен профилактикасына арналған әдістемелік семинар

«Өңірлік психологиялық қолдау және көмек көрсету орталығы» КММ облыстың педагог психологтары мен әлеуметтік педагогтарына арналған «Суицидтік қауіптердің ерте диагностикасы: алаңдатарлық белгілер. Поственциялық іс шараларды ұйымдастыру (суицид әрекеті немесе жағдайынан кейін балалар мен ортаны қолдау)» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Іс шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік қауіптердің алдын алу және болдырмау бойынша білім беру ұйымдарының психологиялық педагогикалық қолдау қызметтерінің кәсіби құзыреттерін арттыру.

Семинарға қатысушылар статистикалық деректер мен мониторинг нәтижелері негізінде суицидтің алдын алу жұмысы барысында туындайтын себептер мен мәселелерді жан жақты талқылады, профилактикалық және поственциялық жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктерін қарастырды, тәуекелдерді талдау және дағдарысқа қарсы жұмыс жоспарын құру дағдыларын меңгерді. Семинардың негізгі бөлігі нақты жағдайлар негізінде жасалған кейстермен практикалық жұмыс түрінде өтті.

Семинар екі тілде жүргізілді. Барлығы облыстың барлық аудандарынан келген білім беру ұйымдары мен ТжКБ ұйымдарын қарасты 70 педагог психолог және әлеуметтік педагог қатысты.

Семинар қорытындысы бойынша дайындалған тренерлер каскадтық әдіспен облыстың қалалары мен аудандарында семинар өткізетін болады.