Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Марқакөл ауданы мектептеріндегі мониторинг

Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығының мамандары Тулькубаева Д.А., Маткаримова Д.М., Төлегенқызы А., Уалханова Н.К. ағымдағы жылғы 20 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжі» КММ, Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Қалжыр орта мектебі» КММ, «Жаңаауыл негізгі орта мектебі» КММ, «№ 1 Марқакөл орта мектебі» КММ, «Құмаш Нұрғалиев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ психологиялық қызметтерінің жұмысына мониторинг жүргізу үшін барып қайтты.

Мониторинг іс-шаралары барысында психологиялық қызметтердің құжаттамасы, нормативті-құқықтық актілердің орындалуы, № 1 Марқакөл орта мектебінде KIVа буллингке қарсы бағдарламасының жүзеге асырылуы қаралып, жұмыс бағыттары бойынша супервизиялар жүргізілді.