Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
«Психологиялық тәжірибедегі заманауи трендтер» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция

«Психологиялық тәжірибедегі заманауи трендтер» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы 2025 жылғы 1 сәуірде «Психологиялық тәжірибедегі заманауи трендтер» облыстық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Конференцияға ШҚО мектепке дейінгі мекемелерінің, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтары, сондай-ақ Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдаудың әдістемелік орталығы» КММ әдіскер-психологтары қатысты.

Конференцияның ашылуында  облыс білім басқармасының басшысы Чернышёва И. А. сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Пленарлық отырыста психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ХПҒА корреспондент-мүшесі, Психологиялық технологиялар Академиясының басшысы Ковалев С.Э. психологтың этикалық кодексі, Өскемен қаласының Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері Пак В.С. қазіргі заманғы білім беру трендтері жағдайындағы психологиялық қызмет, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының аға оқытушысы, сертификатталған коуч, жобалық менеджмент, HR қызметі бойынша тренер - кеңесші Берекполова Г.О. теріс эмоциялардан арылудың заманауи тәсілдері, Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» КММ  әдіскер-психологы Турганбаева Т.М. цифрлық диагностика туралы баяндамаларын қатысушылар назарына ұсынды.

Пленарлық отырыс психологиялық қызметтердің дамуына үлес қосқан білім беру ұйымдарының педагог-психологтары және қала, аудандар білім бөлімдерінің әдіскерлерін марапаттаумен аяқталды.

Іс-шара барысында әдістемелік және ақпараттық материалдарының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапхананың автоматтандыру бөлімінің басшысы Кузютин Д.П. және техник-бағдарламашы Голованов Д.М. кітапхана жобалары туралы ақпарат беріп, «Цифрлық білім беру ресурстары, оларды пайдалану перспективалары» секциясы аясында кітапханалық ІТ-әзірлемелерді психологияда қолдану жайлы баяндама жасады.

Конференция жұмысы «Заманауи ақпараттық өнімдер»,  «Цифрлық білім беру ресурстары, оларды қолдану перспективалары», «Психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар (баяндамалар)», «Психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар (шеберлік сыныптар)» тақырыптарындағы 4 секцияда жалғастырылды.

Конференцияның қорытындысы бойынша әр секцияда жеңімпаздар анықталып, дипломдармен марапатталады:

1 секция «Заманауи ақпараттық өнімдер»:

І дәрежелі диплом - Никифорова Т.М., ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Меновное орта мектебі» КММ педагог-психологы

ІІ дәрежелі дипломКряжева Е.В., ШҚО білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 14 орта мектебі» КММ педагог-психологы

ІІІ дәрежелі диплом - Шалтаева М.Н., ШҚО білім басқармасының «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ педагог-психологы

2 секция «Цифрлық білім беру ресурстары, оларды қолдану перспективалары»:

І дәрежелі диплом Иванова М.И., ШҚО білім басқармасы Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы негізгі орта мектебі» КММ педагог-психологы

ІІ дәрежелі дипломБасакова Е. В., ШҚО білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының С. Нұрмағанбетов атындағы орта мектебі» КММ педагог-психологы

ІІІ дәрежелі диплом - Грохотова И. В., ШҚО денсаулық сақтау басқармасының «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК педагог-психологы

3 секция «Психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар (баяндамалар)»:

І дәрежелі диплом - Дүйсенбекова Ш.З., ШҚО білім басқармасының «Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжі» КММ педагог-психологы

ІІ дәрежелі диплом - Амиренова Э. К., ШҚО денсаулық сақтау басқармасының «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК педагог-психологы

ІІІ дәрежелі диплом - Калашникова Ю.С., ШҚО білім басқармасы Алтай ауданы бойынша «Сказка» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК педагог-психологы

4 секция «Психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар (шеберлік сыныптар)»:

І дәрежелі диплом - Шомбинова С.Б., ШҚО білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса-Балғын» бөбекжайы» КМҚК педагог-психологы

ІІ дәрежелі диплом - Зияшова М. Б., ШҚО білім басқармасының Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю. Гагарин атындағы № 1 Күршім орта мектебі» КММ педагог-психологы

ІІІ дәрежелі диплом - Нуртаева А.С., ШҚО білім басқармасының Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің  «Қызыл Жұлдыз негізгі орта мектебі» КММ педагог-психологы