Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Облыстық ата-аналар форумы

ШҚО білім басқармасының Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығының бастамасымен ағымдағы жылдың 15 мамыр күні Халықаралық отбасы күніне және Қазақстандағы аналар күніне орай ата-аналарға арналған "Бірлескен диалог: ата-аналар мен мамандардың балалардың мүддесі үшін өзара іс-қимылы» атты облыстық форум өтті.

Форумға ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жөніндегі орталықтардың мамандары, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның, психикалық денсаулық орталығының, «Страна чудес» түзету және оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің өкілдері, сондай-ақ ШҚО қалалары мен аудандарының ата-аналар қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Тақырыптық алаңдар аясында орталық мамандары Гутова Е.Б., Челнокова А.А., Кельметр О.П., Уалханова Н.К., Нурхатова Г.А., Фазымова А.Ж. ресурстарды толықтыру бойынша ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың ата-аналарына арналған практикалық тренингтер өткізді, сондай-ақ олармен қоғамның ерекше балаларды қабылдамау мәселелерін талқылады.