2025 жылғы 9 қаңтарда Шемонаиха ауданында мектеп пен ата-аналар қауымының өзара іс-қимылының тиімді түрлеріне арналған облыстық семинар-практикум өтті. Жұмыс барысында қатысушылар ата-аналармен ынтымақтастықты ұйымдастырудың табысты тәжірибесімен бөлісті, мектеп пен отбасы арасындағы сындарлы диалогтың маңызды стратегиялары мен тәсілдерін талқылады, ата-аналармен сенімді қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған өзара іс-қимыл әдістерін тәжірибеде пысықтады. Сондай-ақ, ата-аналармен қарым-қатынасты жедел әрі ашық етуге көмектесетін заманауи ІТ-технологияларды қолдануға баса назар аударылды.
Семинар тәжірибе, жаңа идеялармен алмасу алаңына айналды. Қатысушылар білім беру процесін сәтті және ыңғайлы етуге көмектесетін пайдалы құралдарды меңгеріп алды.