Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы ШҚО білім басқармасының Сараптамалық кеңесі ұсынған оқу-әдістемелік материалдар негізінде тәжірибелерді тарату бойынша облыстық семинар-презентациясын өткізді.
Семинарға Өскемен қаласы, Алтай, Самар, Үлкен Нарын, Шемонаиха, Ұлан, Катонқарағай аудандары білім беру ұйымдарының 46 педагог-психологы қатысты. Семинар барысында ӨПҚО мамандары Гутова Е.Б., Кельметр О. П., Гаджиева Ю.П. әзірлеген «Мектепте қолайлы климатын қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдар», сондай-ақ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Меновное орта мектебі» КММ педагог-психологы Никифорова Т.М. мен ӨПҚО педагог–психологы Гаджиева Ю.П. бірлесіп әзірлеген жалпы білім беретін мектептердің педагог-психологтарына арналған «Жас педагогтарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» әдістемелік құралы таныстырылып, тәжірибеде қолдануға ұсынылды.





