2026 жылғы 20 қаңтарда Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы ШҚО білім басқармасының Сараптамалық кеңесі ұсынған оқу-әдістемелік материалдар негізінде тәжірибелерді тарату бойынша облыстық семинар-презентациясын өткізді.
Семинарға облыстық білім беру ұйымдарының, Өскемен қаласы, Тарбағатай, Самар, Катонқарағай және басқа аудандары білім беру ұйымдарының 22 педагог-психологы қатысты. Семинар барысында ШҚО білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп – гимназия- интернаты» КММ педагог-психологы Мамырбекова А.З. әзірлеген «Психологиялық денсаулық және өмірлік дағдылар» авторлық бағдарламасы,
«Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы» КММ педагог-психологы Фазымова А.Ж. әзірлеген «Мұғалімдер арасында эмоционалды күйзелістің алдын алу» мұғалімдер мен педагог-психологтарға арналған әдістемелік құралы», Мамырбекова А.З. ШҚО білім басқармасының «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ педагог-психологы Рамазанова Р.Р. бірлесіп әзірлеген «Жастар, жасөспірімдер мен балалардың дарындылығын анықтайтын әдістемелер жинағы» таныстырылып, тәжірибеде қолдануға ұсынылды.





