Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Пилоттық мектептердің педагог-психологтарын ПМАЖ жүйесінде жұмыс жасауға оқыту

Өңірлік Жобалық кеңсе жұмысы шеңберінде 23 қаңтарда пилоттық мектептердің педагог-психологтарын психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесін (HR+ ПМАЖ) енгізу және облыс мектептерінде буллингті анықтау бойынша зерттеулерді бастау үшін оқыту жалғастырылды.

Вебинар алаңында 20 педагог-психолог провайдерлермен сауалнама жүргізу және оның нәтижелерін тәжірибеде пайдалану мүмкіндігін талқылады.