Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

ППМАЖ енгізу бойынша онлайн-оқыту

2025 жылғы 11 ақпанда ШҚО білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы» КММ облыстың 121 білім беру мекемесінің педагог-психологтары үшін «HR+» Психологиялық – педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесін» енгізу және одан әрі іске асыру бойынша онлайн-оқыту ұйымдастырды. Онлайн-оқытуға «CODO» ЖШС «HR+» ППМАЖ» менеджерлері Танасюк Елена Петровна және Қарлығаш Жұмағалиқызы қатысты. Педагог-психологтарға жүйенің функционалдығы туралы толық ақпарат ұсынылып, 5-11 сынып оқушылары арасында буллинг фактілерін анықтауға арналған анонимді сауалнама жүргізу бойынша нұсқаулық берілді.