Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Колледждердегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері

2025 жылғы 16 қазан күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Колледждердегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.

Семинар барысында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің жұмыс жасау мәселелері, сондай-ақ «ДосболLike» антибуллингтік бағдарламасын іске асыру және «Komek Stop Bulling» ақпараттық жүйесін енгізу ерекшеліктері қарастырылды.

Қатысушыларға буллинг пен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, студенттерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша кешенді тәсілдер мен жұмыс алгоритмдері ұсынылды.

Семинар тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға бағытталған тиімді алаңға айналды.