Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
ПҚО директорларымен онлайн-кеңес

ПҚО директорларымен онлайн-кеңес

21 шілде күні ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру институты бірлесіп, өңірлік психологиялық қолдау орталықтарының директорларымен онлайн кеңес өткізді. Кеңесте кәмелетке толмағандар арасындағы суицид жағдайлары мен суицидке итермелейтін әрекеттер талқыланды.

Жиын барысында мектеп психологтары жүргізген кеңестер, бақылау жұмыстары, сауалнамалар мен басқа да зерттеу әдістері арқылы жиналған ақпараттарға сүйене отырып, нақты кәсіби жағдайларға (кейстерге) талдау жасалды.