2025 жылғы 29 қазан күні Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы «Кәмелетке толмағандарды экстремизмге, терроризмге және деструктивті діни ағымдарға тартудың алдын алу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты — қауіп тобына жататын жасөспірімдерді анықтау, профилактикалық жұмыстың жүйесін жетілдіру және тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелеріне назар аудару болды.
Дөңгелек үстел жұмысына Білім басқармасының, Дін істері басқармасының, Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл басқармасының, облыс әкімдігінің антитеррористік комиссиясының, Дін мәселелерін зерттеу орталығының, «Халифа Алтай» мешітінің өкілдері, сондай-ақ ювеналды полиция қызметкерлері және басқа да мамандар қатысты.
Іс-шараға онлайн форматта тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтар қосылды.
Барлығы офлайн форматта – 12 адам, онлайн форматта – 213 адам қатысты.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша барлық мүдделі құрылымдардың қызмет тиімділігін арттыру және кәмелетке толмағандарды экстремизм, терроризм және деструктивті діни ағымдарға тартудың алдын алу жұмысының бағытын үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірленді.
Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы барлық қатысушыларға белсенділік пен өзара ынтымақтастық үшін шын жүректен алғыс білдіреді!





