2026 жылдың 9 ақпан күні Өңірлік психологиялық қолдау орталығының басшысы Л.П. Куземко облыс әкімінің орынбасары Е.Д. Нұрғалиевтің төрағалығымен өткен кеңейтілген кеңеске қатысты. Жиын кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, буллингтің және суицидтің алдын алу мәселелеріне арналды.
Кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеп берген «Заң мен тәртіп — қауіпсіз әрі әділетті қоғамның негізі» стратегиялық бағытты іске асыру мәселелері талқыланып, өзекті түйткілдер мен ағымдағы міндеттер айқындалды, сондай-ақ даму бағыттары белгіленді.
Л.П. Куземко өз баяндамасында ерекше бақылауды қажет ететін топтағы балаларға көңіл бөлу, оларды анықтау және сүйемелдеу деңгейін арттыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар педагогтар мен ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың балалардың амандығына тікелей атсалысуын қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.
Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, білім басқармаларының басшылары, мектеп және колледж директорлары қатысты.
Біз бірлескен күш-жігер арқылы қылмыс, суицид пен буллинг динамикасын төмендетуге, кез келген құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» танытуға және қоғамда тәртіп орнатуға қол жеткізуіміз қажет





