Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ ИДЕОЛОГИЯСЫНА ТАРТЫЛУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ

Білім алушылардың экстремизм мен терроризм идеологиясына

тартылуының себептері: отбасылық қиындықтар, тәрбиенің төмендігі,

экономикалық жағдайдың нашарлығы, жұмыссыздық, ақпараттық қауіпсіздіктің төмендігі, радикалды идеологиялардың таралуы, жастардың өз орнын таба алмауы, әлеуметтік оқшаулану.

Қауіпті белгілері: балаларда қатыгездік, агрессияның жоғарылауы, радикалды пікірлер мен идеяларға қызығушылығы басым балады, отбасымен, достарымен қарым-қатынас проблемалары туындайды, құпия кездесулерге қатысып, белгісіз тұлғалармен байланыс құрады.

Әлеуметтендіру шаралары: балаларды спорт, мәдени және шығармашылық

іс-шараларға тарту, көпұлтты қоғамдағы толеранттылықты насихаттау, мансапқа бағдар беру, кәсіби оқыту бағдарламаларына қызығушылықтарын арттыру.

Психологиялық қолдау қызметі білім алушылардың психикалық-эмоциялық әл-ауқатын сақтау, әлеуметтік және мінез-құлықтық ауытқулардың алдын алу, сондай-ақ олардың діни экстремизм мен радикализация ықпалына түсуін болдырмау бағытында кешенді жұмыс жүргізу.

Педагог-психологтың негізгі міндеттері:

1. Экстремизм мен радикалды идеологияның алдын алу

Білім алушылардың арасында радикалды ой-пікірге, шеттетілуге,

оқшаулануға бейім мінез-құлық белгілерін ерте кезеңде анықтау.

Мұндай белгілерді байқаған жағдайда дер кезінде педагогтермен, атааналармен және қажет болғанда құқық қорғау органдарымен байланыс орнату.

Қауіп тобына жататын білім алушылармен жеке психологиялық түзету және

қолдау жұмыстары жүргізу.

2. Жеке тұлғаның әлеуметтенуін қолдау

Жасөспірімнің мектеп, колледж ұжымына, құрдастар ортасына бейімделуіне

көмектесу.

Эмоциялық тұрақтылықты, сыни ойлау қабілетін, коммуникативтік

дағдыларды дамыту арқылы білім алушының ішкі қорғанысын күшейту.

Білім алушының отбасымен, мұғалімдермен қарым-қатынасын оңалту және

әлеуметтік бейімделуге жәрдемдесу.

3. Тәуекел тобындағы білім алушылармен жұмыс

Мінез-құлқында ауытқуы, агрессия, өзін-өзі оқшаулау, виртуалды радикалды

ортаға қызығушылық секілді белгілері бар білім алушыларды дер кезінде бақылауға алып, кешенді қолдау көрсету.

Мұндай білім алушылармен жеке кеңес, тренинг, арт-терапия, мінез-құлық

түзету сабақтарын өткізу.

Қажет болған жағдайда әлеуметтік педагогпен, дінтанушы мамандармен

бірлесіп жұмыс істеу.

4. Ата-аналармен және педагогтермен өзара жұмыс

Ата-аналарға арналған кеңес беру, семинар, тренингтер өткізу (қатты діни

ықпалдың белгілері, баламен дұрыс қарым-қатынас т.б.).

Педагогтерді білім алушылардың психологиялық жағдайын бақылауға

үйрету және тәуекел мінез-құлықты ерте анықтау әдістеріне үйрету.

5. Мониторинг және талдау

Білім алушылардың психологиялық ахуалы мен әлеуметтік ортадағы

жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу.

Мектеп, колледж ұжымына, әкімдікке және білім басқармасына жылдық

талдамалық есептер, ұсыныстар беру.