Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Психологиялық қолдау көрсету мақсатында кеңес беру іс-шарасы өтті

«Өңірлік психологиялық қолдау және көмек  орталығы» КММ Тарбағатай ауданы бойынша әдіскер-үйлестірушісі Нигметова Лаура Бауыржанқызы 2026 жылдың 12 ақпан күні Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қарой бастауыш мектебі» КММ және «Қазақстан бастауыш мектебі» КММ оқушыларға, ата-аналарға, педагогтерге арналған кеңес беру пунктінде жеке кеңес беру жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты: кеңес алушыларға қиындықтардың алдын-алу мәселелері бойынша ақпараттық-психологиялық қолдау көрсету, дұрыс шешім қабылдауға бағыт беру, сенімді орта қалыптастыру.

Ұйымдастырылған іс -шара барысында 2 оқушыға, 4 ата-анаға және 9 педагогке кәмелетке толмаған балаларға қатысты құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық немесе буллингтің жағымсыз белгілері жөнінде кеңес беріліп, психологиялық қолдау көрсетілд.  Сонымен қатар «111» сенім телефоны туралы ақпарат беріліп, қосымша жадынамалар таратылды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін білдірді. Алдағы уақытта әдіскер-үйлестіруші Лаура Бауыржанқызы оқушылармен психологиялық тренинг-сабақтар өткізуді жоспарлауда.