Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
Директорлардың тәрбие және әлеуметтік жұмысы жөніндегі орынбасарларының жұмыс отырысы

Директорлардың тәрбие және әлеуметтік жұмысы жөніндегі орынбасарларының жұмыс отырысы

2025 жылғы 8 қаңтарда Өскемен қаласының Заки Ахметов атындағы № 16 орта мектебінің базасында қаланың білім бөлімінің бастамасымен директорлардың тәрбие және әлеуметтік жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін жұмыс отырысы өтті, онда кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бойынша білім беру ұйымдарының қызметі мәселелері қаралды. «Суицидтік мінез-құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтаудың және олармен одан әрі жұмыс істеудің бірыңғай алгоритмін, сондай-ақ суицидке әрекет жасаған балаға көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен бұйрығын талқылауға ерекше назар аударылды. Бұл құжат білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының суицидтік тәуекелдердің алдын алу және суицидтік қаупі жоғары балалармен жұмыс істеу жөніндегі бірлескен қызметін реттейді.

Біздің орталықтың психологиялық жұмыс бөлімінің басшысы Гутова Елена Борисовна кездесуге қатысушылармен оқушылар арасында суицид қаупін анықтау кезінде іс-қимыл мен қайта бағыттау тәртібін егжей-тегжейлі талдап, әкімшілік пен педагогтардың жауапкершілігін, білім беру процесінің әрбір мүшесінің өкілеттіктерін талқылады, қойылған сұрақтарға жауап берді.