2025 жылғы 5 наурызда Өскемен қаласы әкімінің орынбасары И.Ф. Смиттің төрағалығымен Жастар ресурстық орталығында колледж директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының қатысуымен Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.
Отырыста Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы директорының м.а Куземко Л.П. колледждердің психологиялық қызметтерімен бірлескен жұмыс мүмкіндіктері туралы баяндама жасады.