Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
Мектеп жанындағы лагерь балаларына арналған дамыту сабақтары

Мектеп жанындағы лагерь балаларына арналған дамыту сабақтары

2025 жылдың 18-30 маусым аралығында психологиялық қолдау және көмек орталығының мамандары мектеп жанындағы лагерь балаларына арналған дамыту сабақтарын өткізді. Кездесулер барысында балалар жазғы кезеңде қандай қауіптер мен жағдайларға тап болуы мүмкін екенін талқылады. Әрі қарай,  сол сәттерде әрекет етуге болатын қауіпсіз жүріс-тұрыс жолдарын іздестірді. Іс-шаралар барысында балалар қызығушылық пен белсенділік танытып, өз пікірлерімен еркін бөлісті.

Барлық саны 6 сабақ өткізіліп, 63 бала қамтылды.