2025 жылдың 11 сәуірінде ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы мен «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ бірлесіп ұйымдастырған «Кемелдікке бастар бес қадам» республикалық ата-аналар форумы өтті. Форум барысында бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, мектеп пен отбасы арасындағы байланыстың маңызы, бала психологиясы және қаржылық сауаттылық сынды өзекті мәселелер қозғалды.
Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген ата-аналар, білім беру ұйымдарының өкілдері, психологтар мен қоғам қайраткерлері, барлығы 200- ден астам адам қатысты.
Форум аясында ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, Қырғызстан ғалымы Қиялбек Ақматов, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ президенті Дархан Өте тағылымды ойларымен бөлісті.
Форум барысында пленарлық және секциялық бөлімінде бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, мектеп пен отбасы арасындағы байланыстың маңызы, бала психологиясы және қаржылық сауаттылық сынды өзекті мәселелер қозғалды.
Секциялардың бірін біздің орталықтың психологиялық жұмыс бөлімінің басшысы Гутова Елена Борисовна өткізді. Практикалық жұмыс аясында жасөспірімдермен өзара іс-қимылдың тиімді тәсілдері талқыланды.