Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

«Тәуекел тобындағы оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің диагностикалық әдістері» тақырыбындағы семинар

2025 жылғы 5 наурызда Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектеп» КММ-де облыстың педагог-психологтарына арналған «Тәуекел тобындағы оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің диагностикалық әдістері» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті. Семинарға Өскемен қаласы, Ұлан, Глубокое аудандарындағы мектептердің педагог- психологтары қатысты.

    Семинардың мақсаты: оқушылардың өмірлік қиындықтарды жеңу барысында әлеуметтік тұрақтылығын дамыту, жасөспірімдердің өз мінез-құлқын бағдарлайтын құндылықтар жүйесін және этикалық сананы қалыптастыруға көмек көрсету.

Семинардың ашылуында Уалханова Н.К. (Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек көрсету орталығы» КММ әдіскері), Арнапасов Е.Т. ( «Ахмет Байтурсынов атындағы № 20 орта мектеп»КММ директоры), Нугумарова А.Д. (Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы білім бөлімі ҚӘК әдіскері) сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі .

    Нугумарова А.Д. психологиялық қызметтің білім беру ортасында суицидтің алдын алу бойынша жұмысын белсендіру қажеттілігін атап өтіп, Астана қаласында Қазақстан Республикасының Оқу–ағарту министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің  2024 жылғы 4 шілдедегі «Суицидтік мінез-құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтаудың және олармен әрі қарай жұмыс істеудің бірыңғай алгоритмін, сондай-ақ суицидке әрекет жасаған балаға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмін бекіту туралы» бірлескен бұйрығына енгізілген өзгерістерге назар аударды.

     Семинар барысында педагог-психологтар: Серікбаева М.Н. («Ахмет Байтурсынов атындағы №20 орта мектеп» КММ),  Абдолдина А.С. ( «№22 орта мектеп»КММ), Муратова К.Т. ( «№16 Заки Ахметов атындағы орта мектеп»КММ), Кегалина Г.З. ( «№35 орта мектеп»КММ) қатысушыларды суицидтің алдын алу бойынша құжаттармен таныстырып, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу диагностикаларын ұсынды, сондай-ақ бірқатар жағдайларды талқылап, оларды шешу жолдарын қарастырды. Семинарға қатысушылар ұсынылған барлық тренингтік жаттығуларды белсенді орындап, «Жарқын болашақ», «Асық - менің қорғанысым» және басқа да жаттығуларды орындады.

Семинар соңында педагог-психологтар, ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп,  практикалық кездесулер мен семинарлардың қажеттілігі мен маңыздылығын атап өтті.