Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

«Жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру» атты онлайн-семинар

2025 жылдың 27 қаңтарында Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығының мамандары: Кельметр О.П., Малонуха А.П., Төлегенқызы А.Б., Орумбасарова Н.Б. облыстағы мектептердің әлеуметтік-психологиялық қызмет мамандарына арналған «Жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру» атты онлайн-семинар өткізді.

Кездесу барысында жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу шаралары бойынша жұмыс жүргізу кезінде педагогтарға қиындық тудыратын мәселелер талқыланды, атап айтқанда: ата-аналар қауымының жыныстық тәрбиеге қатысты жағымсыз көзқарасы немесе ашық наразылығы, осы бағыт бойынша әдістемелік базаның болмауы, сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерін «болмайды», «жаман», «қауіпті» деп қарастыру. Семинар барысында жеткіншектерге жыныстық тұрғыдан білім беру арқылы олардың бойында адами құндылықтарды қалыптастырып, өзіне және басқаларға құрметпен қарауды дамытуға ықпал ету процесін қалай дұрыс ұйымдастыру керектігі жан-жақты қарастырылды.

Қатысушыларға жыныстық қарым-қатынас орнату барысында жасөспірімдердің, олардың ата-аналарының және педагогтардың қауіпсіз және жауапты мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған сабақтарды қамтитын профилактикалық бағдарламалар ұсынылды.

Семинар белсенді форматта өтті: қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, белгіленген мәселелерді шешу тәсілдерін талқылады.

Біздің орталық атынан қатысушылардың барлығына өз алғысымызды білдіреміз. Тақырыпқа қатысты ақпарат қажет болса, бізге хабарласу арқылы немесе біздің YouTube-арнамыздан алуға болады.