Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас педагог-психологтарының кәсіби қызметіне бейімделу қиындықтары» тақырыбындағы семинар

2025 жылғы 16 қаңтарда облыс колледждерінің педагог-психологтары үшін «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас педагог-психологтарының кәсіби қызметіне бейімделу қиындықтары» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында педагог-психологтардың негізгі қызмет бағыттары бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Семинар аясында Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығының маманы Москвина Валентина Сергеевна ШҚО білім басқармасының басшысы бекіткен «Орта, техникалық және кәсіптік білім беру білім беру мекемелерінде балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу және болдырмау бойынша жұмысты ұйымдастыру жөнінде әдістемелік ұсынымдарды» түсіндіріп, Бірыңғай алгоритмге сәйкес ұсынылатын мәліметтер нысандарымен таныстырды.