Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№30 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында педагогикалық тәжірибені қорытындылауаясында облыстық семинар өтті. Семинардың тақырыбы: «Педагог-психологтардың, сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің тиімді өзара әрекеттестігі – қауіпсіз, қолдаушы және дамытушы білім беру ортасын қалыптастырудың негізгі ресурсы».Іс-шараны ұйымдастырушылар: ШҚО ББ «Өңірлікпсихологиялық қолдау және көмек көрсету орталығы» КММ, Өскемен қаласы білім бөлімінің қалалық әдістемелік кабинет.
Семинар жұмысына ШҚО ББ «Өңірлікпсихологиялық қолдау және көмек көрсету орталығы» КММ директорының м.а Л.П.Куземко, Өскемен қаласы білім бөлімінің қалалық әдістемелік кабинетінің әдіскері А.Д. Нұғымарова, сондай-ақ қала мен облыс мектептерінің педагог-психологтары қатысты.
Семинардың тәжірибелік бөлімінде №30 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологтары Г:В.Махмудова, О.Г.Розенберг, сондай-ақ №7 орта мектептің педагог-психологтары С.А.Зиновьева, С.А. Маслюк мұғалімдермен және сынып жетекшілерімен бірлескен жұмыстың тиімді түрлерімен бөлісті.
Қатысушылар тәжірибеге бағытталған семинарларды өткізудің маңыздылығын атап өтіп, туындайтын мәселелерді тиімді шешу тек білім беру үдерісінің барлық қатысушылары педагогтар, әкімшілік және ата-аналар арасындағы тығыз өзара әрекеттестік арқылы мүмкін екенін жеткізді.
Қауіпсіз әрі қолдаушы білім беру ортасын қалыптастыру ең алдымен педагогтан басталатыны атап өтілді. Ол – мұғалімнің сезімталдығы, зейінділігі, шыдамдылығы, әрбір баланы тыңдай білуі мен түсіну қабілеті, сондай-ақ дер кезінде қолдау көрсетуге дайын болуы маңызды рөл атқарады.





