Семинар-тренингке сынып жетекшілері мен тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары қатысты. Іс-шараның мақсаты — мектепте қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастыруға бағытталған «ДосболLIKE» бағдарламасының негізгі қағидаларымен таныстыру.
Қатысушылар буллингті анықтау мен алдын алудың тиімді әдістерін, оқушылармен және ата-аналармен өзара әрекеттесу алгоритмдерін, сондай-ақ педагогикалық ұжымның құрмет пен сенім мәдениетін қалыптастырудағы рөлін талқылады.
Практикалық кейстерге, топтық жаттығуларға және бағдарламаны мектептерде енгізу жоспарларын әзірлеуге ерекше көңіл бөлінді. 🔹 Іс-шараның басты мақсаты — мектеп ортасында оң өзгерістерге бастамашы бола алатын мамандарды дайындау және бағдарламаны жергілікті деңгейде тиімді жүзеге асыру. Барша қатысушыларға белсенділігі, ынтымақтастығы және әрбір баланың өзін қауіпсіз сезінетін мектеп ортасын құруға деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз!