Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

«Колледждің психологиялық қызметінің жұмысында қолданылатын тәжірибелер» тақырыбында семинар өтті

2025 жылғы 20 ақпанда ШҚО білім басқармасының «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК педагог-психологтары Степаненко О.О., Кокенова В.Б. тәжірибені жинақтау және тарату аясында ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Колледждің психологиялық қызметінің жұмысында қолданылатын тәжірибелер» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында педагог-психологтарға жұмыста пайдалану үшін ұсынылатын өзекті тәжірибелер ұсынылды, сондай-ақ студенттер арасында буллингтің алдын алу бойынша жұмыста волонтерлік қызметтің мүмкіндіктері қарастырылды.

Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға ұсынылған материалдардың тиімділігі, өзектілігі мен практикалық бағыттылығын атап өтіп, өз алғыстарын білдірді.