Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

«Жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында семинар өтті

2025 жылғы 28 ақпанда ШҚО ББ «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы» КММ-мен бірлесіп ұйымдастырылған «Жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» ZOOM онлайн-режиміндегі облыстық семинар өтті.

Семинар барысында Алтай ауданы аумағында соңғы үш жылдағы суицид және суицид әрекеттері бойынша статистикалық көрсеткіштерге талдау жасалды.

«Алтай қаласының № 9 орта мектебі» КММ педагог-психологы Г.Т.Тандыбаева қатысушыларды «Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу» авторлық бағдарламасымен таныстырды.

Өз сөзінде Гүлмира Толқынқызы жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыруда тиімді әдістерді қолдану нәтижелерімен бөлісті.

Өңірлік психологиялық қолдау орталығының әдіскері Н.К. Уалханова орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу және болдырмау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қатысты әдістемелік ұсынымдар бойынша егжей-тегжейлі түсіндірмелер берді.