2025 жылғы 29-31 қаңтар аралығында ҚР бірнеше өңірлерінің психологиялық қолдау орталықтары қызметкерлері үшін Қарағанды қаласында тренерлерді оқыту тренингі өтті. Оқыту бағдарламасында тренингтегі топтық динамика, ұжымда топтарды қалыптастыру, резильенттілік негіздері, Колба циклі, СМЭР технологиялары, эмоциялық жауап беру, форум-театры және т. б. мәселелер қарастырылған.
Тренингті психологиялық қолдау орталықтарын іске қосу, буллинг пен суицидтің алдын алу бойынша өңірлік Жобалық кеңсесінің жұмысы шеңберінде ПМАЖ провайдерлері және Қарағанды ПҚО ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар мен тренерлерге қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз!