2025 жылғы 3-4 маусымда ӨПҚКО басшысы Л.П. Куземко және педагог-психолог А. А. Челнокова кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне байланысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған ІІ Халықаралық психологиялық форумға қатысты. Секциялық отырыстар барысында инклюзия, ерте кәсіптік бағдар беру мәселелері қаралды, отбасымен, суицидпен және буллингпен жұмыс істеу, дарындылықты қолдау және дамыту практикалары ұсынылды.