Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Зорлық-зомбылықтың алдын алу жүйесін нығайтуға бағытталған семинарлар легі өтті

Бір ай көлемінде өңірдің 10 ауданының білім беру мекемелерінде педагог-психологтар мен білім беру ұйымдары директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «ДосболLIKE», антибуллинг бағдарламасын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу: нормативтік база және алдын-алудың кешенді тәсілдері» тақырыбы бойынша аумақтықсеминарлар өтті, оған 378 педагог-психолог қатысты. Мұндай тәжірибе өңірлік психологиялық қолдау орталығының мамандары таратқан тәжірибені өңірлерге жеткізуге мүмкіндік береді.«ДосболLIKE», буллингке қарсы бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған семинарлар білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың алдын алу жүйесін нығайтуға, бағдарламаны іске асыру сапасын және нормативтік құжаттар туралы білімді арттыруға мүмкіндік береді. Аудандар мен қалаларда спикер болған әріптестерімізге алғыс айтамыз.