2025 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Е.Оспанның қатысуымен онлайн форматта кездесу өтті. Іс-шараны ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ұйымдастырды. Кездесу барысында еліміздегі Психологиялық қолдау орталықтарының (ПҚО) жұмысы сараланып, қорытындысы шығарылды.
Жиында Орталықтардың өңірлік педагог-психологтарға әдістемелік көмек көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар жедел әрекет ету орталықтары ретінде маңызды рөл атқарып отырғанына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, буллингтің алдын алу, күйзеліс тұрақтылығын қалыптастыру және қауіп тобындағы балалармен жұмысты реттейтін ғылыми негізделген, сынақтан өткен әдістемелерді енгізу мәселесі қозғалды.