Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Ұлан ауданындағы көшпелі семинар

2025 жылғы 3 сәуірде ШҚО білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы» КММ мамандары Нурхатова Г.А. және Челнокова А.А. әдістемелік қолдау және көмек шеңберінде Ұлан ауданы мектептері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына, педагог-психологтарға және әлеуметтік педагогтарға «Мектепте қауіпсіз орта құру: буллингпен және қақтығыс» тақырыбында көшпелі семинар өткізді.

Кездесу барысында оқушылар арасында буллингтің және басқа да жағымсыз мінез-құлықтың алдын алудың негізгі аспектілері қарастырылды. Қатысушылар буллинг пен қақтығыс арасындағы айырмашылықтарды талдап, мектеп ортасында зорлық-зомбылық пен қорқыту жағдайларының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстың негізгі бағыттарын талқылады.

Семинардың практикалық бөлігі нақты жағдайларды талдауды қамтыды, онда мамандар болған жағдайдың сипатын анықтап, мектептің іс-қимыл алгоритмін ұсынып, осындай оқиғалардың алдын алу бойынша іс-шаралар әзірледі.

Сондай-ақ, буллингтің алдын алу саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілері қарастырылды.