2025 жылдың 2 сәуірінде ШҚО білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы» КММ-де ынтымақтастық меморандумы аясында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Педагогика және психология» мамандығының 2-3 курс студенттері үшін «Ашық есік күні» өтті.
Кездесу барысында студенттерге орталықтың қызметі, жұмыс бағыттары, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға психологиялық сүйемелдеу мен жұмыс жүргізу алгоритмдері таныстырылып, іс-тәжірибелік бөлімде орталық мамандары «Тәрбие тәсілдері мен стильдері» тақырыбында баланы мақтау, қолдау, көмек көрсету және қолайсыз тәрбие туралы тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу соңында орталықтың «сенім телефондары» жайлы ақпарат беріліп, визиткалар мен буклеттер таратылды.