Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Жаңғызтал бастауыш мектебінде психологиялық қолдау бойынша кеңес беру пунктінің жұмысы ұйымдастырылды.

04.03.26 жылы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің “Жаңғызтал бастауыш мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне “Өңірлік психологиялық қолдау және көмек  орталығы” КММ -нің  Тарбағатай ауданындағы әдіскер-үйлестірушісі Нигметова Лаура Бауыржановна аталған мектептің ата -аналары, ұстаздарына кеңестік пункт өткізіп қайтты.

Мақсаты: қатысушыларға өзекті мәселелері бойынша ақпараттық - психологиялық қолдау көрсету, қиындықтардың алдын -алу, дұрыс шешім қабылдауға бағыт беру, сенімді орта қалыптастыру болды. Ұйымдастырылған іс -шараға қатысқан ата - аналар саны: 2 педагогтар саны: 2 болды. Кеңесте  ата - аналар мен ұстаздарға кәмелетке толмаған балаларға қатысты құқық бұзушылық, зорлық - зомбылық немесе қатігездік қарым - қатынас, әдепке жатпайтын мінез - құлық белгілері және “111” сенім телефоны туралы ұсыныстар мен кеңестер берілді. Сұрақтарға жауап қайтарылып, психологиялық қолдау көрсетілді, жадынамалар таратылды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз пікірлерімен бөлісті. Алдағы уақытта әдіскер үйлестіруші Лаура Бауыржанқызы оқушылар, ата - аналар және ұстаздарға  психологиялық сабақтар өткізуді жоспарлауда.