2025 жылғы 23 қаңтарда Жас педагог-психолог мектебінің кезекті сабағы «Педагог-психологтың «қиын» және «тәуекел тобындағы» оқушылармен жұмысы» тақырыбында өтті.
Сабақ барысында «тәуекел топтарында» болуы мүмкін балалар жайлы нормативті-құқықтық құжаттар зерделеніп, аталмыш санаттағы оқушыларды сүйемелдеу кезіндегі педагог-психологтың рөлі мен міндеттері қарастырылды. Жеке сүйемелдеу және топтық жұмысты тиімді жоспарлау үшін назар аударатын тұстар талқыланып, жұмыстың динамикасы мен тиімділігін анықтаудың тәсілдеріне талдау жасалды.
Сабақтың екінші бөлімінде тақырыпта қарастырылған мәселе бойынша педагог-психолог жұмыс барысында қолдана алатын әдістемелер мен ойын-жаттығулар және техникалар қарастырылды.